42 500 теңге үшін есепшот ашып үлгермегендерге 3 күн сайын SMS жібереміз – министр

1701

Есепшот ашпағандар үшін жаңа сервис қосылды.

 42 500 теңге үшін есепшот ашып үлгермегендерге 3 күн сайын SMS жібереміз – министр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 тағайындау кезінде есепшотты кешігіп ашқандармен қалай байланысатындарын айтты.

"42 500 теңге тағайындау кезінде кейбір адамдардың жеке есепшоты болмады. Дер кезінде осы мәселені шешкенбіз. Есепшотыңыз жоқ екен дейік. Бірақ өтініш беріп үлгеру керек. Өтінішті толтырған кезде ол терезені аттап өтесіз. Біз өтініш негізінде 42 500 теңгені тағайындап қоямыз. Кейін есепшотыңызды бір айға дейін күтеміз. Сол тәртіп әлі жұмыс істеп тұр. Ал енді бір ай ішінде есепшот ашылғанын қалай білеміз? Қазір арнайы сервис қосылды. Есепшот ашпай өтініш берген болсаңыз, біз 3 күн сайын "Шотыңызды аштыңыз ба" деген сауалмен SMS жіберіп отырамыз. Есепшотыңыз ашылғанда жаңағы SMS келген адресатқа ақпарат жолдайсыз. Сізден жауап келгенше 3 күн сайын осы тәсілмен сұрай береміз", – деді министр.

Төтенше жағдайға дейін қосымша жұмыс істеген зейнеткерлер 42 500 теңгеге өтініш бере алады.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу