42 500 теңгеге өтініш берген кәсіпкерлер тексеріледі

832

Төтенше жағдай кезінде 40 мыңға жуық кәсіпкер жұмыс істеп жүргеніне қарамастан әлеуметтік төлем алған. 

42 500 теңгеге өтініш берген кәсіпкерлер тексеріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алу үшін кәсіпкерлерге қандай талап қойылатынын жариялады. 

"Жеке кәсіпкерлер де өткен жолғыдай өтініш беруі керек. Олардан да біз міндетті зейнетақы, әлеуметтік жарна төленгенін талап етпейміз. Өйткені өткен жолы оны түсіндік. Көп кәсіпкерлер жылына бір мәрте төлейді. Біреулерінің жұмысы тоқтап тұр. Сондықтан ондай талап қоймаймыз. Дегенмен бір ғана тексеріс болады. Аудандардағы, қалалардағы штабтар, "Атамекен" өкілдері кәсіпкердің жұмысы шектеуге қатысты тоқтағанын не тоқтамағанын біздің жүйемізге кіріп, белгілейді", – деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің мәлімдеуінше, салық органдары да жеке кәсіпкердің жұмыс істеп жатқанын немесе шектеуге байланысты қызметін тоқтатқанын растайды. 
"Өткен жолы 42 500 теңге төлегенде 40 мыңға жуық жеке кәсіпкер әлеуметтік төлем алды. Кейін салық органдары олардың жұмысы тоқтамағанын анықтады. Осыған байланысты оларға екінші айға төлем төленген жоқ", – деді Біржан Нұрымбетов.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу