42 500 теңгеге өтініш қабылдау басталды

1188

Алайда, бірінші күннен-ақ сайттар істен шығып жатыр. 

42 500 теңгеге өтініш қабылдау басталды

Бүгін 42 500 теңгеге өтініштер қабылдау басталды. Осы айда карантинге байланысты табысынан айырылған жалдамалы жұмысшылар, кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бұл сомаға үмітті бола алады, деп хабарлады Atameken Business.

Еңбек министрінің айтуынша, өтінім:

- egov.kz – "электрондық үкіметтің" веб-порталы;

- 42500.enbek.kz порталы;

- "Электрондық үкімет" telegram-bot-ы;

- Aitu мессенджерінде 42500.enbek.kz қосымшасы;

- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы қабылданады. Алайда, бірінші күннен-ақ сайттар істен шығып жатыр. Министрлік мұны өтінім берушілердің көптігімен байланыстырып отыр.

Бір сәтте 25 мың адам өз мәліметін енгізген. Бұл мәселені шешу үшін алдағы уақытта қосымша ресурстар іске қосылмақшы. Бұдан бөлек, 700 мың қазақстандыққа 42 500 теңгені тағайындау жөнінде смс-хабарлама жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу