42 500 теңгеге үміткер 320 мың адамның бұғатталған шоты ашылды

1072

Мемлекеттік кірістер департаменті шектеу қойылған банк шоттарын қайта ашып жатыр.

42 500 теңгеге үміткер 320 мың адамның бұғатталған шоты ашылды

4-6 сәуір аралығында мемлекеттік кірістер органдары жеке практикамен айналысатын тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің 320 мыңнан аса банк шоттарына қойылған шектеулерді кері қайтарды. Мемлекеттік кірістер агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жеке тұлғалардың 42500 теңгелік әлеуметтік жәрдемақыны алуына мүмкіндік беру үшін жасалған.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін төтенше жағдай кезеңінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан табыссыз қалған адамдарға 42500 теңге әлеуметтік көмек аудару басталған. Осыған орай, аумақтық департаменттер тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрған жеке тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер мен инкассалық өкімдерді қолдап кері қайтаруда", – деп жазады агенттіктің баспасөз қызметі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу