42 500 теңгені бір үйден неше адам алады?

2151

Табысынан айырылған әр отбасы мүшесіне өтемақы төленеді.

42 500 теңгені бір үйден неше адам алады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде бірнеше мүшесі табысынан айырылған отбасыларға қандай көмек көрсетілетінін айтты.

"42 500 теңге бір үйден 3-4 адам өтініш берсе, оны тексересіздер ме деп сұраушылар бар. Бұл жерде адам санына қарамаймыз. Егер сол семьядағы 3-4 адам ресми немесе бейресми жұмыс істеп, ақша тауып жүрген болса, төтенше жағдай кезінде сол табыстарынан айырылып қалса, адам санына қарамаймыз. Бәрі сәйкес келіп тұрса, бір семьядан 3-4 адам алам десе, алады. Ең бастысы біздің талаптарға сай келсе болды", – деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу