42 500 теңгені қайтаруға да, қайтармауға да болады

1099

Мемлекеттік жәрдемақыны қайтарудың нақты мерзімі, белгіленген тәртібі жоқ.

42 500 теңгені қайтаруға да, қайтармауға да болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде 42 500 теңгені алу құқығы берілген азаматтардың санатына жатпайтынын білмей, мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген және 42 500 теңге алған адамдар дәл осы ақшаға мұқтаждығы жоқ екенін түсініп, оны қайтарғысы келсе, ешкім олардың қолынан қақпайтынын айтты. 

Министрдің мәлімдеуінше, 42 500 теңгені қайтарудың нақты мерзімі, белгіленген тәртібі жоқ.

"Қателескеніңізді көріп тұрып, қайтарамын десеңіз, жағдайыңыз келген кезде қайтарыңыз. Қайтармаймын десеңіз, қайтармайсыз", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу