42 500 теңгені кім алады?

1444

Әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезіндегі қағида бойынша төленеді.

42 500 теңгені кім алады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің мәлімдеуінше, карантин кезінде тағайындалатын 42 500 теңге көлеміндегі 
әлеуметтік төлем мұқтаж жандарға беріледі. 

"Осы жолы төлем кімге төленеді, мұқтаж адамдар кімдер?" деген сұрақ көп қойылып жатыр. Бұл жолғы 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезіндегі қағида бойынша төленеді. Яғни 42 500 теңге жұмыс істеп жүріп, аяқ астынан табысынан айрылған азаматтарға беріледі. Олар: жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Төлем бір айға қарастырылып отыр", – деді Біржан Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу