42 526 адам коронавирустан емделіп жатыр

682

Өткен тәулікте тағы 2883 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Осылайша елге індет келгелі бұл ауруға шалдыққандардың жалпы саны 316 695-ке жетті, олардың 271 289-ы емделіп, сауыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметтеріне сүйеніп.

42 526 адам коронавирустан емделіп жатыр

Бүгінде ауру жұқтырған 42 526 адамның 14 709-ы стационарда, 27 817 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 760 адамның жағдайы ауыр, 199 пациенттің жағдайы өте ауыр, 114 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу