42 білім беру нысаны жылыту маусымына толық дайын емес

24 нысан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. 

42 білім беру нысаны жылыту маусымына толық дайын емес Фото: aza

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алдағы жылыту маусымының үздіксіз өтуі мақсатында, коммуналдық шаруашылықтың, әлеуметтік саланың және тұрғын үй қорының дайындығы бойынша Министрлікпен тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Білім беру нысандарының дайындығына қатысты. Оқу жылының басталуына, бірінші қыркүйекке дейінгі мерзімде білім беру нысандары жылыту маусымына толық дайын болуы қажет болатын. Әкімдіктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда білім беру нысандарының дайындығы 99,6%-ды  құрайды. Сегіз өңірде 42 білім беру нысаны бойынша әлі де жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде 24 нысан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Қалған нысандар бойынша жылу жүйесінде жөндеу жұмыстары аяқталмаған", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу