42 градусқа дейін ыстық болады – синоптиктер

352

Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

42 градусқа дейін ыстық болады – синоптиктер Фото: Ашық дереккөзден

Синоптиктер 18-20 шілде аралығына ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Қазгиромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік жартысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

"Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронттар ықпал ететіндіктен,  жаңбыр, найзағай, бұршақ болады, екпінді жел соғады", - делінген хабарламада.

18-19 шілдеде батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

18-19 шілдеде күндіз республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус қатты ыстық болуы мүмкін.

 


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу