42 мың бала мемлекеттік шығармашылық тапсырыспен қамтылады

890

Үкімет отырысында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 2025 жылға қарай ауылдарда балаларға арналған 1 600 үйірме ашылатынын айтты. 

42 мың бала мемлекеттік шығармашылық тапсырыспен қамтылады

Министрдің мәлімдеуінше, алдағы 4 жылда 748 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"180 жаңа мәдениет нысанының құрылысы басталып, 568 нысанға жөндеу жүргізіледі", – деді Ақтоты Райымқұлова. 

Министр қазір ауылдарда барлығы 12 мың шығармашылық үйірме жұмыс істеп тұрғанын тілге тиек етіп, бұл жерде 115 200 бала шеберлігін шыңдап жатқанын жеткізді. 

"Қосымша шығармашылық үйірме ашу және балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын сапалы ұйымдастыру мақсатында биыл алғаш рет мемлекеттік шығармашылық тапсырыс енгізілді. 2025 жылға дейін республика бойынша ауылдық елдімекендерде қосымша 1600 үйірме ашылады. Нәтижесінде 42 мың бала қосымша мемлекеттік шығармашылық тапсырыспен қамтылады", –  деді Ақтоты Райымқұлова.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу