42 мыңға жуық медицина қызметкері үстемеақы алады

1144

Өткен айдың қорытындысы бойынша елімізде 42 мыңға жуық медицина қызметкері жалақысына қоса, үстемеақы алатыны белгілі болды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, бұл мақсатқа бағытталатын жалпы сома 9,7 млрд теңгені құрайды. 

42 мыңға жуық медицина қызметкері үстемеақы алады

COVID-19 инфекциясы мен вирустық пневмонияны емдеп жүрген медициналық қызметкерлерге қосымша ақы ең төменгі жалақының еселенген мөлшері есебінде төленеді. Айталық, коронавирус алғаш анықталған наурыз айында ақжелеңділер жалақысына қоса 19 340 теңге алған. Ал сәуірде оларға  – 42 926, мамырда – 40 416, маусымда – 53 160, шілдеде – 78 963, тамызда – 66 249, қыркүйекте – 36 503, қазанда – 37 893 теңге көлемінде үстемақы төленген. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры осы мақсатқа барлығы 88,9 млрд теңге бөліпті.

Айта кету керек, коронавирустың өршуіне байланысты онымен күресуге жұмылған дәрігерлердің саны да өзгеріп отырады. Үстемеақы да еңбек жағдайының қауіп деңгейіне байланысты әртүрлі төленеді.

"Егер медицина қызметкерінде үстемақыға байланысты қандай да бір мәселе туындаса, өңірлік комиссияға хабарласу керек. Біз өз денсаулығын қатерге тіге жүріп, елді емдеп жүрген медицина қызметкерлерін қорғауға және тиісті үстемақысын уақытылы төлеуге мүдделіміз",– дейді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу