420 млн теңгенің мүлкі тәркіленді: Алматы облысында интернет-казиноның жұмысы әшкере болды

117

Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды.

420 млн теңгенің мүлкі тәркіленді: Алматы облысында интернет-казиноның жұмысы әшкере болды Фото: Бейнежазбадан

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысында заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заңсыз қызметті жасыру мақсатында жалған тұлғалардың атына тіркелген байланысы бар заңды тұлғалардың кең желісі пайдаланылған.

1Win интернет-платформасы 11 мыңнан астам онлайн ойынға, сондай-ақ спорттық және киберспорттық оқиғаларға бәс тігуге мүмкіндік берген.

Бәс қабылдау және ұтыстарды төлеу банк карталары, электронды төлем жүйелері және криптовалюта арқылы жүзеге асырылған.

Күдіктілер халықаралық іздеуге жарияланып, оларға қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Бұдан бөлек, қылмыстық жолмен алынған күдіктілердің мүлкін мемлекет пайдасына алу үшін сотқа дейінгі тәркілеу шаралары қолданылған. Оның ішінде: Mercedes Maybach S500, Lamborghini Huracan, Toyota Land Cruiser автокөліктері, сондай-ақ банк шоттарындағы 151 млн теңге, 14 600 АҚШ доллары және 44 400 еуро бар.

Сот қаулысымен жалпы құны 420 млн теңгеден асатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу