424 маскүнем, 99 нашақор, 498 қолайсыз отбасы анықталды

1312

4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды. "Тұрмыс" республикалық профилактикалық іс-шарасы осылай қорытындыланды.  

424 маскүнем, 99 нашақор, 498 қолайсыз отбасы анықталды

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Ішкі істер министрлігі 9 маусымнан бастап "Тұрмыс" республикалық профилактикалық іс-шарасын бастады. Ол отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың жолын кесуге және оларға қарсы тұруға бағытталған. Профилактикалық іс-шараға 7 мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылып, мемлекеттік органдар мен қалың көпшілік тартылды", – деді Нұрділдә Ораз. 

Ресми өкілдің айтуынша, 5 күн ішінде есепте тұрған 30 мыңнан астам азаматқа тұрғылықты жерінде құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Бұдан бөлек құқық бұзушылық жасауға бейім 5 мың адам, оның ішінде 424 маскүнем, 99 нашақор және 498 қолайсыз отбасы анықталып, есепке алынды.

"Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 5 мыңнан астам хабарлама мен тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісіне қатысты шағым тіркелді. Нәтижесінде 4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылып, бір қылмыстық іс есепке алынды", – деді ресми өкіл. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу