425 мың теңге жүкті әйелдердің бәріне бірдей берілмейді

2760

Қоғам арасында қызу талқыланып жатқан осы ұсынысқа қатысты бүгін Денсаулық сақтау министрлігі ресми түсініктеме берді.

425 мың теңге жүкті әйелдердің бәріне бірдей берілмейді

425 мың теңге көлеміндегі бір реттік жәрдемақы жүкті әйелдердің барлығына бірдей берілмейді. Оны тек 12-ші аптаға дейін тіркеуге тұрған және әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы келіншектердің ғана алуына мүмкіндігі бар. Бүгін қоғам арасында қызу талқыланып жатқан осы ұсынысқа қатысты Денсаулық сақтау министрлігі ресми түсініктеме берді.

Медициналық көмектермен қамтамасыз ету департаменті директоры Асқар Хорошаштың айтуынша, бұл медицина сарапшылары тарапынан жасалған ұсыныс екен. Министрлік оны тек қолдаған. Сондындықтан тиеселі заң жобасы әзірленіп жатыр. Ол маусым айында Парламенттің талқылауына жіберілуге тиіс. Әзірге қоғамдық талқылау берілген.

Ұсынысқа сәйкес, жүктіліктің 12-ші аптасына дейін тіркеуге тұрған "тұрмысы нашар" деп танылған әйелдерге ең төменгі жалақының 10 айлық мөлшерлемесіне сәйке төлем жасалуы қажет. Бұл – 425 мың теңгеге тең. Егер заң жобасы мақұлданса, онда жәрдемақы республикалық бюджеттен беріліп тұрмақ.

Еске сала кетсек, бұған дейін жүкті әйелдерге 425 мың теңге қалай берілетінін Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы Жанар Садуова түсіндірген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу