42500.enbek.kz сайты тұрақты жұмыс істеп тұр

3074

Порталға ақпараттық шабуыл жасалған.  

42500.enbek.kz сайты тұрақты жұмыс істеп тұр

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев әлеуметтік төлем алуға арналған сайттың жұмысы туралы баяндады.

"Әлеуметтік төлем сайтына байланысты сын айтылуда. Мұндай шешім 28 наурызда қабылданды. Кейін бағдарламашылармен оны келесі күні іске қосу үшін барлығын ойластырып, сайтты әзірледік. Әдетте мұндай қызметті іске қосуға ұзақ уақыт кетеді. Қазіргі кезде сайт тұрақты жұмыс істеп тұр", – деді министр.

Сонымен қатар Асқар Жұмағалиев порталға ақпараттық шабуыл жасалғанын айтты.

"Сайтта бір сәтте 15 млн сессия болады. Әрине ол түрлі мәселелер тудырады. Сонымен қатар порталға ақпараттық шабуыл жасалды. Әріптестеріміз оның алдын алды", – деді министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу