"42500 теңге" әлеуметтік төлем алуға 8 млн адам өтініш тапсырған

1040

4,6 млн адамға 194, 2 млрд теңге тағайындалды.

"42500 теңге" әлеуметтік төлем алуға 8 млн адам өтініш тапсырған

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов "42500 теңге" алуға 8 млн адам өтініш тапсырғанын айтты.  

"Біз өтініш беру үдерісін барынша жеңілдеттік. Ол үшін әртүрлі техникалық шешімдер іске асырылды: 42500.enbek.kz веб-порталы, "Электрондық үкіметтің" веб-порталы, 18 Telegram-бот, ұялы телефон нөмірі арқылы. Банктердегі ұзын-сонар кезектің пайда болу қаупін азайту мақсатында, банк деректемелерінсіз өтініш беру мүмкіндігі қарастырылды, есепшоттарды онлайн ашу бойынша шаралар қабылданды. Бұл шаралардың барлығы өтініштерді беру және қарау үдерісін тездетті. Барлығы 8 миллион адам өтініш берді, оның 4,6 миллионына төлем тағайындалды. Төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты 2020 жылдың 11 мамырынан бастап жаңа өтініштерді қабылдау аяқталды", – деді Ақмәди Сарбасов.

Оның айтуынша, 4,6 млн адамға 194,2 млрд теңге сомасындағы төлем тағайындалды. Оның ішінде бірінші айда 3,7 млн адамға 158,9 млрд теңге сомасында, екінші айда 834 мың адамға 35,4 млрд теңге. Сонымен қатар екінші айда 2,9 миллион адамға төлем ұзартылып, 122,2 млрд теңге екінші рет төленген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу