42500 теңге алуға 1 миллионнан астам өтініш түсті

845

961 мың адамға төлем тағайындалды.

42500 теңге алуға 1 миллионнан астам өтініш түсті

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының департамент директоры Айжан Қасенова 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақы алуға миллионнан астам бірегей өтініш келіп түскенін мәлім етті.

"Бүгінгі күнге дейін бір реттік төлемді тағайындауға азаматтардан 1 млн 133 мың бірегей өтініш келіп түсті. 961 мың адамға төлем тағайындалды. Алдағы күндері өтініште көрсетілген жеке есепшоттарға төлем жіберіледі. Проактивті түрде, яғни бірыңғай жиынтық төлем жасаған 700 мыңнан астам адам SMS хабарлама алды", – деді Айжан Қасенова.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мәліметінше, өтініштердің көпшілігі банктердің мобильді қосымшалары және әртүрлі сайттар мен eGov порталы арқылы тапсырылған.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу