42500 теңге Қазақстан азаматтығын алмаған қандастарымызға да беріледі

1353

Ол үшін оралман мәртебесі немесе тұрақты тіркеуі болуы керек.  

42500 теңге Қазақстан азаматтығын алмаған қандастарымызға да беріледі

Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы өзінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында мәлім етті. Оның сөзінше әлеуметтік төлем жұмыс істеп жүріп табысынан айырылған қандастарымызға да беріледі.

"Тұрақты тіркеуде тұрған "оралман" мәртебесі бар қазақтар құқықтары жағынан тұрғылықты азаматтармен тең. Оларға ешқандай кедергі жоқ. Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей көмек көрсетіледі. Егер жұмыс істеп жүріп, табысынан шектеулер салдарынан айырылған болса, ол 42 500 теңге әлеуметтік төлем алады", - деп жазды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу