42500 теңге локдаун кезінде төленбейді

956

Локдаун кезінде қызметі тоқтап, жұмысытарынан айырылған азаматтарға 42500 теңге төленбейді, деп хабарлайды Atameken Business.  

42500 теңге локдаун кезінде төленбейді

ЛС порталының сауалына еңбек және халықы әлеуметтік қорғау министрлігі осылай деп жауап берген. Жауапты министрліктің сөздерінше қазір белгілі кәсіптерге онсызда жеңілдіктер жасалып жатыр екен. Мәселен салықтан босату, тексерістерге мораторий және тағы басқалары. Осы тұста бір реттік әлеуметтік көмек берілу мәселесі қаралыстырылып жатқан жоқ деді ведомство өкілдері. Айта кету керек бұған дейін елімізде  4 миллион 600 мың адам 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алған. Жалпы бұл үшін республика бюджетінен 476 миллиард ақша бөлінген. Қазіргі таңда Алматыда 12 сәуірге дейін локдаун жарияланып бірқатар бизнестің жұмысы тоқтатылды. Салдарынан адамдар жұмыссыз қалды. Қазір олар БЕкшиннен қаулыны өзгертуді сұрап отыр. Ал өңірлік палата басшылары бизнесті қолдау мақсатында 1 тәулікте 2 миллиард теңге бөлу керектігін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу