"42500 теңге" төлемді қайта қарау туралы 350 адам өтініш берген

986

Құжаттар қалалық немесе аудандық штабтарға тапсырылады. 

"42500 теңге" төлемді қайта қарау туралы 350 адам өтініш берген

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов мәлімдеді. 

"11 мамырда өтініш қабылдау тоқтады. Енді жаңа өтініштер қабылданбайды. Ал бұрын төлем тағайындаудан бас тартылған өтініштерді қалалық штабтар қарастырады. Қазір 350-ге жуық адам қайта қарау дерегі бойынша хабарласты. Егер олардың төлемді алу құқығы расталса, төлем жасалады", – деді вице-министр. 

Сонымен қатар ол бұрын төлем тағайындаудан бас тартылғандарға қайтадан жаңа өтініш жазу керектігі ескертті. Құжаттар қалалық немесе аудандық штабтарға тапсырылады. 

"Төлем тағайындауға қайтыс болған адамдардың атынан жалған өтініштер, шетелге шығып кеткен адамдардың атынан өтініштер, қамауда отырған адамдар, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген мемлекеттік сектордың мамандары өтініш берген кездер болды. Оларға төлем тағайындалмады", – деді Ақмади Сарбасов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу