"42500 теңге" төлеміне өтініштерді қайта қарау алгоритмі әзірленді

1061

11 мамырға дейін тапсырылған өтініштер ғана қайта қаралады. 

"42500 теңге" төлеміне өтініштерді қайта қарау алгоритмі әзірленді

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов мәлімдеді. 

"ШОБ, ірі кәсіпкерлік нысандарда жұмыс істейтіндер үшін өтінішті жұмыс берушілер тапсырады.  Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартылған қызметкерлер үшін беріледі. Ал мұндай жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар өтінішті өздері тапсыра алады. Ол үшін төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғанын растайтын нақты құжаттар болуға тиіс", – деген вице-министр қайта төлем тағайындау алгоритмін хабарлады. 

"Құжат аудандық немесе қалалық штабтарға тапсырылады. Кейін аудандық штаб "42 500 теңге" әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығы бар/жоғы туралы қорытынды шығарады. Оң қорытынды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бөлімшесіне беріледі. Ол "Өтініш берушінің электрондық іс макетін" қалыптастырады және деректерді МӘСҚ филиалына береді. МӘСҚ филиалы әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. 11 мамырға дейін тапсырылған өтініштер ғана қайта қаралатынын тағы еске салғым келеді", – деді Ақмади Сарбасов. 

Бұл ретте ол аудандық штабтың қорытындысымен немесе МӘСҚ филиалының шешімімен төлем тағайындаудан қайта бас тартылған жағдайда, өтініш беруші облыстық штабқа жүгіне алатынын айтты. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу