42500 теңгеге байланысты телеграмм-бот әлі іске қосылған жоқ

1439

Министр жүйе жүктемені көтере алмай істен шықты деген ақпаратты жоққа шығарды.  

42500 теңгеге байланысты телеграмм-бот әлі іске қосылған жоқ

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем алуға өтініш береуге арналған телеграмм-бот әлі іске қосылған жоқ, деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

"Телеграмм-ботты іске қостық, ал ол жүктемені көтере алмағандықтан істен шықты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз оны әзірлеудеміз. Жуырда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп іске қосамыз", –  деді министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу