42500 теңгеге қатысты жалған ақпараттар көбейді

1085

Қазіргі уақытта кірісін жоғалтқан азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидалары әзірленуде.

 42500 теңгеге қатысты жалған ақпараттар көбейді

Еңбек министрлігі 42500 теңгеге қатысты хабарлама таратты, деп хабарлайды Atameken Business. 

Онда жалған ақпарат көбейгені айтылған. Мәселен, мессенджерлер мен әлеуметтік желіде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемдерге өтінім қабылдау үшін сайттың іске қосылғаны туралы хабарлама тараған. Министрлік өкілдері бұл ақпарат шындыққа жанаспайды дейді.

Қазіргі уақытта кірісін жоғалтқан азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидалары әзірленуде. Жоспар бойынша  өтініштер 17 шілдеден бастап қабылданады. Ал төлемді тағайындау 20 шілдеден басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу