42500 теңгені алуға 450 мың азаматтан өтініш түсті

913

60 мың адам әлеуметтік төлем алды.  

42500 теңгені алуға 450 мың азаматтан өтініш түсті

Төтенше жағдай кезінде 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алуға 450 мың азаматтан өтініш түсті, деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

"42500 теңгені алуға 450 мың азаматтан өтініш түсті. Қазіргі кезде оның  76 мыңына төлем тағайындау туралы хабарлама жіберілді. Ал 60 мың адам әлеуметтік төлем алды. Сонымен қатар 238 мың азаматқа жүйе арқылы банктік есепшот нөмірін жіберу туралы  хабарлама жібердік", – деді Асқар Жұмағалиев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу