42500 теңгені бейресми жұмыс істеп жүрген азаматтар да ала алады

3291

Ол үшін тек рәсімделу керек.  

42500 теңгені бейресми жұмыс істеп жүрген азаматтар да ала алады

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға берілетін 42500 теңге әлеуметтік төлемді бұрын әлеуметтік сақтандыру қорына ақша аудармаған азаматтардың да алуға мүмкіндігі бар. Бұл төлемге қалай қол жеткізуге болатынын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов түсіндірді.

"Осы күнге дейін айтып келдік, 12 айда бір рет сақтандыру қорына аударған әлеуметтік төлем немесе азаматтық сипатта жұмыс істеп жүргендерге зейнетақылық төлем қажет екенін айтып жатырмыз. Себебі бұл төлемдер кассадан төленіп жатқан ақша емес. Бұл мемлекеттік сақтандыру қорынан, жүйеден төленіп жатыр. Сол жерде сіздердің бір рет тіркелгендеріңіз осы жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне қажет. Бірақ осындай әлеуметтік төлемдері жоқ, ешқашан төлемеген азаматтар бар. Еңбек шарттары жоқ, салық төлемеген бейресми жұмыс істеп жүрген азаматтар бар. Күнкөріс ретінде бір тіршілікпен айналысып жүрді. Олар да табысынан айырылды. Сондықтан бейресми жұмыс істеп жүрген азаматтарға шешім – кеше Президент сөзінде "сіздерге рәсімделу ғана жеткілікті" деп айтты. Рәсімделу деген не? Бірыңғай жиынтық төлемді (Единый совокупный платеж) бір рет төлесеңіз жеткілікті. Ол қала тұрғындарына – 2651 теңге, ал ауыл тұрғындарына 1325 теңге. Осыны төлесеңіз 42500 теңгені ай сайын алатын боласыз", – деді министр.

Біржан Нұрымбетов  мәліметінше, бірыңғай жиынтық төлемді SMS хабарлама арқылы да төлеуге болады. Төлем түскеннен кейін, 42500 теңге үш күн ішінде аударылады.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу