43 градусқа дейін аяз болады: жолға шыққандарға айыппұл салынады

645

Соңғы бір тәулікте қолайсыз ауа райы салдарынан 21 жол апаты болған. 22 адам жарақат алып, 3-еуі көз жұмған. 

43 градусқа дейін аяз болады: жолға шыққандарға айыппұл салынады

Алдағы күндері қатты аяз сақталады. Синоптиктер -43 градусқа дейін барады деп болжап отыр. Шығыс Қазақстанда қар қалың жауып, көшкін жүру қаупі бар.

Бұған дейін метеоролог мамандар елімізде қатты аяз болатынын ескерткен еді. Осыған байланысты оқушылар мен колледждің бірінші және екінші курс студенттері де қашықтан оқуға көшті. 

"Қатты аяз еліміздің көп бөлігінде сақталады. Оңтүстік пен оңтүстіктің таулы шығыс аймағында қатты қар жауады деп күтілуде", дейді "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі Алтынзер Есбусинова. 

Аяздың беті әзірге қайтпайды. Синоптиктер алдағы 3 күнде суық сақталады деген болжам айтып отыр. 

Еліміздің оңтүстігі мен батысында 25 градусқа дейін барады. Ал солтүстік пен шығыста -43 градусқа дейін төмендейді. Бұған дейін еліміздің біраз бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, соңы мұзға айналған еді. Қазір жер көктайғақ. Сондықтан құлап, жарақат алмас үшін абайлап жүрген абзал. Автокөліктің де жылдамдығын асырмай, арақашықтықты барынша сақтаған жөн. Әйтпесе тек соңғы 1 тәулікте 21 жол апаты болып, 22 адам жарақат алған. 3-еуі көз жұмған.

"Ал Шығыс Қазақстанда толассыз қар жауып, қауіпті деңгейге жетті. Сондықтан төтенше жағдайлар министрлігі көшкін болуы ықтимал дейді. Қазір Өскемен  Үлбі және Северное тас жолында қар жамылғысын түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Шаңғышыларға әзірге тау бөктеріне шықпауға кеңес беріледі. Десе де, ескертулерге құлақ аспайтындары да бар. Нақтыласақ боранды күндері жолға шығып, далада қалғандары көп", дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Нұрлан Кәрім.  

Егер дәл осылай жабық жолдарға шықпау жөнінде полицияның заңды ескертпесіне бағынбасаңыз қамауға алынасыз. 15 тәулікке. Немесе 100 мың теңгедей айыппұл төлейсіз. Пәлесінен аулақ десеңіз, әзір алыс сапарға шықпаңыз. Жолдың ашық немесе жабық екенін 112, 102 немесе 1403 телефондары арқылы білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу