43 қазақстандық компания Alibaba алаңына шығады

623

Бұл Қазақстанда электрондық коммерцияны дамытуға серпін береді.

43 қазақстандық компания Alibaba алаңына шығады

Қазақстандық компаниялардың Alibaba, Ebay, Amazon және Wildberries алаңдарында сауда жасауға мүмкіндік алуы жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Министрдің айтуынша, 42 қазақстандық бренд Alibaba-да өкілдік етеді, тағы 3 компания витриналар дайындауда. 21 қазақстандық компания Wildberries-те сауда жасайды.

"2022 жылдың соңына дейін Wildberries компаниясы Қазақстанда инвестициялық жобаны іске асырады: Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында шамамен 5 мың жұмыс орнын құрумен және алаңы 100 мың шаршы метр логистикалық орталықтар салынады",– дейді Бақыт Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу