432 нысанның қызметі 10 айға тоқтатылды

952

Жыл басынан бастап өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша бір жарым мыңнан астам тексеру жүргізілді.  

432 нысанның қызметі 10 айға тоқтатылды

Бұл туралы сенатта өткен үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өнеркәсіптік қауіпсіздікке қатысты ерекше тәртіп бойынша – 949, жоспардан тыс – 734 тексеру ұйымдастырылды. Іс барысында 27 738 бұзушылық анықталды. 1 184 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Қауіпсіздік ережесіне қайшы әрекет еткендерге 150 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупін төндіргені үшін 432 нысанның қызметі 10 айға тоқтатылды", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу