432 шақырым жол жөнделеді

1274

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов биыл жол инфрақұрылымын жақсартуға 21,4 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді.  

432 шақырым жол жөнделеді

Жергілікті маңызы бар 140 шақырымға жуық жол жөнделеді, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс басшысының сөзіне сілтеме жасап. 

"Республикалық маңыздағы "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" автожолы жаңғыртылып жатыр. Облыс аумағындағы жол жөндеу жұмысының жалпы көлемі 432 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта 47 шақырым жолда жөндеу  жұмысы аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 168 шақырым жол жаңғыртылады. Жұмыс 2022 жылы толық аяқталады деп жоспарланған", – деді Махамбет Досмұхамбетов. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу