434 млрд теңге бөлінді

892

434 млрд теңге бөлінді

2017 жылы облыста кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 13 жоба жүзеге асырылады, олар 3 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

2016 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің саны 2015 жылмен салыстырғанда 0,4 % өсіп, 99 мың бірлікті құраған. ШҚО-да шағын және орта бизнеспен әрбір үшінші адам айналысады.

"Облыста кәсіпкерлерді ынталандыру үшін Бизнесті қолдау картасы жұмыс істейді. 2017 жылы оған 434 млрд теңгеге 13 жоба кірген, олардың үлкен бөлігі индустрияландыруды, экспортты және өнеркәсіпті дамытуға бағдарланған. Бұл бизнес бастамалар шығысқазақстандықтарды 3 мың қосымша жұмыс орнымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ шығарылатын өнім көлемін ұлғайтады ", – делінген хабарламада.

2017 жылғы кәсіпкерлік картасының көрсеткіштері өткен жылғы көрсеткіштерден асады. 2016 жылы 5 млрд теңгеге 6 жоба іске асырылып, 388 жұмыс орны ашылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу