436 мыңнан астам қазақстандық бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алды

539

Бұл мақсаттарға бюджеттен 60,6 млрд теңге бөлінген.  

436 мыңнан астам қазақстандық бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алды Фото: ҚР Еңбекмин

Осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайын республикалық бюджеттен жәрдемақы алатын, жұмыс істемейтін әйелдер саны орташа есеппен 92 879 мың болды, оларға 7,9 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Еңбекминге сілтеме жасап.

Осы жәрдемақының мөлшері баланың кезектілігіне байланысты, бүгінгі күні жәрдемақы 5,76 АЕК-тен (2023 жылы – 19 872 теңге) 8,90 АЕК-ке дейін (2023 жылы – 30 705 теңге) соманы құрайды.

МӘСҚ-тан 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері бүгінде 48 511 мың теңгені құрайды. Бүгінгі таңда бұл төлемді жалпы сомасы 52,7 млрд теңгеге 343 241 мың адам алды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайды. Бұл норма балалы отбасыларға әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген.

Жыл соңына дейін бала күтімі бойынша төлемдерді 760 мың ана алады деп жоспарлануда. Бұл мақсаттарға 334,5 млрд теңге қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу