Бангладеш астанасы Даккадағы мейрамханада болған өрттен 44 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Dhaka Tribune басылымы елдің денсаулық сақтау министрі Саманта Лал Сенге сілтеме жасап хабарлады.
Kacchi Bhai мейрамханасы сауда орталығының екінші қабатында орналасқан. Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 21.50-де басталған.
Өрт сөндірушілерге өртті сөндіруге полиция мен шекара қызметінің қызметкерлері көмектескен, алайда өрт тек екі сағаттан соң өшірілген.
"Өрт болған сауда орталығында 43 адамның денесі табылды. Бір адам ауруханада қайтыс болды. Сондай-ақ 75 адам құтқарылды, олардың 40-тан астамы ауыр халде жатыр", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу