44 трлн теңгенің инвестициялық жобалар пулы қалыптасты

955

5 жылға арналған пулда 2 мың инвестициялық жоба бар. 

44 трлн теңгенің инвестициялық жобалар пулы қалыптасты

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елде 44 трлн теңгені құрайтын 2 мың инвестициялық жобалар пулы бар екенін мәлім етті.

"Инвестиция – экономиканың өсуі мен халықтың әл-ауқатын жақсартудың алғышарты. Бізде 2025 жылға дейін ЖІӨ-ге шаққанда 30% деңгейінде негізгі капиталды инвестициямен қамтамасыз ету жөнінде стратегиялық тапсырма бар. Қосылған құн тұтастығын қалыптастырудағы жаңа бағыт – инвестормен тікелей жұмыс істеу арқылы инвестиция тартылады. "Астана" халықаралық қаржы орталығының әлеуетін белсенді пайдаланып, жергілікті және отандық инвесторларлармен жұмыс жүргізіледі. 2020-2024 жылдарға арналған инвестициялық жобалар пулы қалыптасты. Пул 44 трлн теңгені құрайтын нақты 2 мың инвестициялық жобадан тұрады. Министрлік мақсатты көрсеткіштердің орындалуын тұақты бақылап отырады", – деді экономика министрі. 

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу