44 заңгер мен 27 нотариус бюджетке 3,1 млн теңге қарыз

941

44 заңгер мен 27 нотариус бюджетке 3,1 млн теңге қарыз

Бұл туралы Медеу аудандық мемлекеттік кіріс басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Мысалы заңгер А. есімді азамат мемлекетке  638 243 теңге қарыз. Заңгерлер мен нотариустардың өздері заңды белден басып отыр. Кәсіби тұрғыда заңдық көмек көрсететін мамандардың бұлай істеуі дұрыс емес. Заң баршаға ортақ, олар мұны жақсы біледі. Заң талабы орындамаған тұлғалар жауапқа тартылатынынан да заңгерлер мен нотариустар бейхабар емес.

Салық қарызы құпия болып табылмайтындықтан биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін қарыздарын өтемегендердің тізімі БАҚ-та жарияланады және борышкерлерге қатысты заң аясында нақты шара қолданылады", - деп мәлімдеді салық саласының мамандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу