44 жыл қызмет көрсеткен ЯК-40 ұшағы "қанатынан қайырылды"

943

 44 жыл қызмет көрсеткен ЯК-40 ұшағы "қанатынан қайырылды"

Күні кеше қала тұрғындары көше бойымен жүріп өткен ұшақты қызықтап, суретке, бейнетаспаға түсіріп, ғаламторда талқылаған еді… Бұл "Ақ-сұңқар" авиакомпаниясына тиесілі істен шыққан ЯК-40 ұшағы болып шықты. Ол әуежайдан Затоболға көшілірілді. Бұл туралы авиакомпания президенті Владимир Досмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды kostanaytany.kz.

 ЯК-40 табаны күректей 44 жыл қызмет көрсеткен. Оны қайта жөндеудің мәнісі жоқ әрі көп шығын қажет етеді.

"Бұл ұшақта облыстық бұрынғы әкімі С.Кулагин, көптеген министрлер сан мәрте әуе жолына көтерілген. "Дәурені өткен" соң оны Қостанай әуежайынан Затоболдағы өзінің аэродромына тасымалдадық. Енді ЯК-40 оқу-жаттығу көмекшісіне, сондай-ақ экскурсиялық нысанға  айналады.  Арнайы ангар саламыз", — дейді Владимир Досмағамбетов. 
Ұшақты Затоболға жеткізу үшін оның қанаттары мен артқы бөлігі кесілген. Тасымалға мамандар екі ай дайындалған. Бұның сирек, күрделі шаруа екенін айтады олар. Діттеген жерге дейін 4 сағат ішінде 36 шақырым жол жүрілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу