45,5 миллион теңге шығын: "Богатырь Көмір" ЖШС-де қылмыстық схема анықталды

504

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

45,5 миллион теңге шығын: "Богатырь Көмір" ЖШС-де қылмыстық схема анықталды Фото: www.bogatyr.kz

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласының "Богатырь Көмір" ЖШС орта буын басшыларының қылмыстық әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Автобаза директоры ЖШС-да басшылық қызмет атқаратын басқа тұлғалармен жүйелі түрде тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап, 45,5 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірген деген күдікке ілінді. 

Қылмыстық схема көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін есептен шығару, жаңасын алу және оларды орнату имитациялап, құжаттарға қол қоюдан тұрды. Жаңа қосалқы бөлшектер болмағандықтан арнайы техника істен шығып, ұзақ уақыт жұмыс істемей тұран. Ал, жоғарыда аталған тұлғалар жаңа қосалқы бөлшектерді сатып отырған.

Аталған тұлғалар ұсталып, ұрланған жүк көліктерінің қозғалтқыштары мен беріліс қораптары тәркіленді.

Сот олардың кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу