Бюджетке тиесілі 45 млн теңге мақсатсыз жұмсаған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі осындай ақпарды жариялап отыр. Дерек "Қоғамдық мониторинг" жобасына сәйкес жүргізілген тексеру барысында анықталыпты. Тіпті мамыр айында тексеруден кейін есепсіз алынған кей мемлекеттік тапсырыстардың кері қайтырылғандары да бар екен. Мәселен, Балқаш аудандық орталық ауруханасы кеңсеге қажетті қағаздарға 30 млн теңге жұмсауды жоспарлаған екен. Бұл белгіленген сомадан 10 есеге артық. Ал Жезқазған әкімдігі 5 млн теңгеге көлік жөндемек болыпты. Бюджет қаржысын ысырап еткендердің мәселесі енді май шаммен қаралуы тиіс. Оны кеше Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов та мәліжісте өткен 2016 жылғы бюджетті қортындылауда ескертіп айтты. Өйткені министрліктер бюджеттен бөлінген 36 млрд теңгені игерусіз қалдырып отырғаны тағы бар.