"Еңбек" бағдарламасының 3-бағыты шеңберінде солтүстік өңірге қоныс аударуға ниет білдірген 45 отбасы (Сарыағаш, Сайрам, Бәйдібек аудандары) Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарының тыныс-тіршілігімен танысу үшін жолға шыққан.
"Олар 2 облыстағы жағдайды жан-жақты сараптайды. Ұсыныс ұнаса, тұрғындар солтүстікке көшуі мүмкін", - деп жазылды Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, 5 жылдың ішінде (бағдарлама аясында) оңтүстіктен солтүстікке 20 мыңдай адам көшкен. Оның 6 мыңы (1 700 отбасы) – Түркістан облысының тұрғындары.
Еске салайық, сәуірдің басында Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының 2025 жылға дейін даму бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарлама аясында өңірге 2 трлн теңге инвестиция тартылады.