450 млн теңгеден астам қаржы ұрлау күдігіне ілінді

932

Күдіктілер 96 млн теңгеден астам қаражатты қайтарды. 

450 млн теңгеден астам қаржы ұрлау күдігіне ілінді

Павлодар облысында "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі қара мал сатып алуға субсидия түрінде бөлінген 233 млн теңгені шаруа қожалықтарының талан-таражға салу фактісі анықталды. Тергеу барысында күдіктілер 96 млн теңгеден астам қаражатты қайтарды. 

Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элимановтың айтуынша, бюджет қаражатының жоғалмауына жедел алдын алу шарасы негіз болған. 

"Алдағы уақытта мұнай мен мұнай өнімдері, шетелге капиталды заңсыз жылыстату салаларында көлеңкелі айналымға қарсы тұруға бағытталған алдын алу шаралары қолға алынады", – деді комитет төрағасы. 

Бұдан кейін ол "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ басшылары айналасындағы 
қылмыстық іске тоқталды. 

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бейсенбинге, оның орынбасары Дәуленбаеваға, сонымен қатар азамат Лисовойға қатысты іс тергеліп жатыр. Олар жалған келісімшарт жасау арқылы 450 млн теңгеден астам қаржы ұрлау күдігіне ілініп отыр", – деді  деді Жанат Элиманов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу