Қамқоршылықтағы балалар тұратын әр үйге кем дегенде бір қызметкер бекітілуі керек, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Біздің елде қазір қорғаншылық органдарында 400 қызметкер жұмыс істейді, алайда ол жеткіліксіз.
"450 мың бала тұратын Шымкентте қорғаншылық қызметін бар болғаны 5 адам атқарады. Бұл мәселені шешу керек, өйткені баласы бар әр отбасығы, әсіресе, қамқоршылықтағы балалар тұратын үйге әрдайым келіп, өмір сүру жағдайын қадағалайтын кем дегенде бір қызметкер бекітілуі керек", — деп санайды ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Руслановна.
Спикердің айтуынша, жалпы "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық" туралы жаңа заңда қорғаншылық органдарын жұмысын күшейтіп, қосымша функцилар енгізеді. Сонымен қатар асырап алынған балаларды бақылау күшейеді және олар тұратын отбасыны сүйемелдеу қарастырылады.