450 түтінге тіршілік нәрі қажет

374

Жамбыл облысында тұтас ауыл жұрты құрылысы 3 жыл бұрын басталған су желісінің кешіккеніне наразы.  

450 түтінге тіршілік нәрі қажет Фото: pixabay.com

450 түтіні бар ауылға таза су былтыр жыл аяғында берілуі тиіс еді. Бірақ ауылдықтар сарылдап аққан суды әлі көрмедік деп алаңдаулы, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Өйткені, мердігер жаңа су желісін әзірге 4-5 ауладан ғана қосып қойған. Салдарынан бүтін ел тіршілік нәріне күнбе-күн кезекке тұруға мәжбүр. Ал кеңестік кезден қалған су мұнарасының суы сарқылып, істен шыққан. Тұрғындар қажет болғанда, суды өзге ауылдан да тасиды. Ауладағы ескі құдық болса, тек техникалық қажетке жарамды.

Жалпы жоба былтыр-ақ 80 пайызға бітіп тұрған. Бірақ бұқара су мұнарасының қуаты ауылға жетпейді деген соң, әкімдік мердігерден кемшілікті түзетуді талап еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу