451 нысан жекеменшікке беріледі

647

Жыл басынан бері 36 млрд теңгеге 106 нысан сатылды. Бұл іс жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында атқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың сөзіне сілтеме жасап. 

451 нысан жекеменшікке беріледі

"Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 733 нысанды сату көзделген. Бұған дейін құны 36 млрд теңгенің 106 нысаны сатылды және кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді", –  деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің мәлімдеуінше, тағы 110 нысан сатылымға қойылып, 6 нысан таратуға жіберілді. 

"Алдағы уақытта 451 нысанды жекеменшікке өткізу керек", – деді Ерұлан Жамаубаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу