458 кен орны мемлекет меншігіне алынды

951

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев еліміздегі уран қорына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz

458 кен орны мемлекет меншігіне алынды

"Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың минералдық-шикізат әлеуетін нығайту және шикізат базасын қамтамасыз ету үшін 1991 жылдан бастап жүргізілген геологиялық барлау жұмысының нәтижесінде алғаш рет көмірсутегі шикізатының 135 кен орны, жерасты суларының 99 кен орны, қатты пайдалы қазбалардың 224 кен орны мемлекет меншігіне алынды. Оның ішінде 94 – алтын, 14 – мыс, 19 – марганец, 16 – темір кендерінің, 4 – полиметалдың қоры бар", – деді Серікқали Брекешев. 
Оның айтуынша, жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатына жүргізілген геологиялық барлау қорытындысында елдегі уран қоры 469 мың тонна кенмен толықты. 

"Бұрын зерттелген кен орындарының шикізат базасы ұлғайтылды. Васильковский кен орнының қоры бірнеше есе өсті. Жер қойнауын пайдаланушылардың өз күшімен жүргізген барлау жұмысының қорытындысында алтынның – 1,9 мың, уранның – 469 мың, марганец кенінің – 160,7 млн, темір кенінің– 2,9 млрд, мұнайдың – 2,5 млрд, газ конденсатының – 277,2 млн тонна және газдың – 506 млрд текше метр қоры анықталды", – деді министрдің орынбаары. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу