46 кондуктор жауапқа тартылды

973

46 кондуктор жауапқа тартылды

"Астана LRT" көліктік бақылау департаменті "Жергілікті полиция қызметімен" бірігіп қоғамдық көліктерде кезекті рейд жүргізді. Рейд бойынша 5 күн бойы инспекторлар кондукторлар мен автобус жүргізушілері жасаған 170 бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Elorda Info "Астана LRT" баспасөз хатшысы Науат Азанбаеваға сілтеме жасап.

"Жолаушыларды отырғызу және жолаушыларды дұрыс емес жерге отырғызу сияқты бұзушылықтардың арасында қозғалысты заңсыз  жерге тоқтату, белбеу тақпау және т.б. болды. 

Мысалы, көлік жүргізу кезінде 7 жүргізуші - темекі тартқан адамға айыппұл салынды. Сондай-ақ, жол қозғалыс кезінде телефонда сөйлескен 6 жүргізуші де айыппұл төлеушілер қатарына қосылды. 

Бұдан басқа, Көліктік бақылау департаменті инспекторлары жол жүру ақысын электрондық жүйеде төлейтін құрылғының жұмыс істемеуі бойынша 4 заңсыздықты анықтады  және 2 автобустың  санитарлық талапқа сай еместігі, атап айтқанда, лас шыны", - деп жазды Науат Азанбаева өзінің Facebook парақшасында.

Рейд барысында жолаушыларға билет бермеген 46 кондуктор ұсталды. Осындай құқық бұзушылыққа Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 623-бабында 5 АЕК (2018 жылы 12 025 теңге) көлемінде айыппұл салу қаралған.

Сонымен қатар, рейд барысында жол ақысын төлегісі келмеген бірқатар "қояндар" да анықталды. Қазіргі уақытта қоғамдық көлікте заңсыз тегін жүргісі келген 36 жолаушы мемлекеттік қазынаға 2 АЕК (2018 жылы 4 810 теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Бұған қоса, рейд кезінде қоғамдық көлік жүргізушісінің кінәсінен болған 5 көліктік апат тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу