46 мыңға жуық көлік жүргізушісіне әкімшілік айыппұл салынды

897

46 мыңға жуық көлік жүргізушісіне әкімшілік айыппұл салынды

Павлодарда 46 мыңға жуық көлік жүргізушісіне әкімшілік айыппұл салынған. Бұл туралы "Борышкер" жедел-алдын алу шарасы барысында белгілі болды, деп хабарлайды 24.kz.

Бүгінгі күнге дейін көлік иелерінің қарызы 500 миллион теңгеге жуықтаған. Күшейтілген шаралар нәтижесінде жауапсыз азаматтар берешегінің тең жартысын өтеп үлгерді. Қазіргі уақытта облыс орталығында құрылған мобильді топ әр жүргізушіні ортақ базадан тексеріп жатыр.

Айта кетейік, 20 айлық есептік көрсеткіштен астам айыппұлы бар 2500-ге жуық азаматтың көлігі арнайы тұраққа қойылды. Соның салдарынан айыппұл тұрақтарында орын тапшы. Қазіргі уақытта тәртіп сақшыларының өтінішімен тұрақтарды кеңейту мәселесі қаралуда. 
"Жақын арада қала әкімінің қол астында жедел кеңес өткізіліп, осы тұрақтарды үлкейту мәселесі шешілген болатын. Өйткені қазір Павлодар қаласының тұрақтарының барлығында орын жоқ", - дейді қалалық ІІБ басшысының орынбасары Нұрғали Омарбеков. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу