46 шетелдік тасымалдаушыға айыппұл салынды

784

21 мамыр мен 30 маусым аралығында 19 605 автокөлік құралы тексеріліп, Қазақстанның көліктік заңнамаларын бұзған 390 дерек тіркелген.

46 шетелдік тасымалдаушыға айыппұл салынды

Елімізде 21 мамырда "Назар аударыңыздар, ауыр салмақты көлік!" акциясы басталған еді. Бұл акция республика жолдарында көлік құралдарына бақылауды күшейтуге бағытталған.

ҚР ИИДМ көлік комитетінің хабарлауынша, 21 мамыр мен 30 маусым аралығында 19 605 автокөлік құралы тексеріліп, Қазақстанның көліктік заңнамаларын бұзғандығы үшін 390 құқық бұзушылық (оның ішінде ҚР ӘҚБ К 348 бабы 6 тармағы және 571 бабы 42 тармағымен – 8 бөлігімен) анықталған. Оның ішінде 344 бұзушылық Қазақстандық және 46 шетелдік тасымалдаушыларға қатысты.

54,7 миллионнан астам теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынып, жүргені үшін алым сомасы 24,6 миллионнан астам теңгені құрады. Аталмыш шара 31 тамызға дейін жалғасады.

Сонымен қатар автомобиль жолдарының сақталуына бақылауды күшейту үшін 27 сәуірден бастап халықтың белсенді бөлігі тарапынан бейне өтініштер қабылдау акциясы басталған. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында инертті жүк тасымалдайтын өзі аударғыш ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуі фактілерін ахуалдық орталықтың +77080880800 нөмірлі "Whats app" мессенджеріне жіберуге болады. Содан бері "Whats app" мессенджерге 1 366 автокөлік құралдары тасымалдаушыларына қатысты бейне, фото өтініштер келіп түсіпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу