46 жыл құжатсыз өмір сүрген әйелге прокуратура көмектесті

222

Әйелдің туу фактісін сот растады.

46 жыл құжатсыз өмір сүрген әйелге прокуратура көмектесті Фото: el.kz

Алатау қаласында туғаннан бері жеке басын куәландыратын құжаты мен жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) болмаған 46 жастағы әйелдің мәселесі шешілді. Оған прокуратура көмектесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анықталғандай, 1980 жылы анасы қызының дүниеге келгенін АХАТ органдарында тіркемеген. Кейін медициналық мұрағаттардағы құжаттардың сақтау мерзімі аяқталып, олар жойылғандықтан, әйелдің туу фактісін соттан тыс тәртіппен растау мүмкін болмаған.

ЖСН-і болмағандықтан, азаматша сотқа өз бетінше жүгіне алмаған. Ал әпкесінің бұған дейін берген өтініші қанағаттандырылмаған.

Осыдан кейін Алатау қаласының прокуратурасы әйелдің құқықтарын қорғау мақсатында сотқа жүгініп, оның туу фактісін анықтауды талап етті. Сот талапты қанағаттандырды.

Енді әйел жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдеп, медициналық көмек алуға, ресми жұмысқа орналасуға және әлеуметтік қолдауға қол жеткізе алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу