47 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

1009

Елордада коронавирус инфекциясы өршіп барады. 22 шілдедегі жағдай  бойынша инфекциялық стационарларға 2 556 келіп түсті. Оның ішінде 2 270 адам КВИ-ге шалдыққан. 286 науқастан пневмания анықталып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

47 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Басқарма басшысының баяндауынша, коронавируспен күресуге 16 инфекциялық стационар жұмылдырды. Мұнда науқастарға арналған 3 562 төсек бар. 

"Аурудың өршуіне байланысты қалалық ауруханаларды қайта бейімдеуге және әзірге күндізгі стационардың жұмысын, жоспарлы емдеуге жатқызуды тоқтатуға тура келді. Басқа медициналық клиникалар түрлі салалар бойынша науқастарды ауруханаға жатқызу жүктемесін сезініп жатыр. Қабылданған шаралардың барлығы коронавирус инфекциясымен ауыратындардың саны күн сайын артып келе жатқанын көрсетеді. Біз төсек саны мен адам ресурсын көбейтуге мәжбүрміз. Өткен тәулікте 333 адам жатқызылды. Инфекциялық төсек-орынның 1 006-сы ғана бос, оның 62-сі реанимациялық төсек-орын", – деді Тимур Мұратов. 

Оның сөзінше, жансақтау бөлімінде 230 науқас жатыр. 203 адам КВИ жұқтырған. 70 науқастың жағдайы өте ауыр. 47 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу