48 адамды өрттен құтқарған жігітке кәсіпкерлер пәтер сыйлады

969

Былтыр Семейден Ресейдің Новосібір қаласына бет алған автобус өртеніп, Ержан жолаушылардың аман-есен қалуына сеп болған еді. 

48 адамды өрттен құтқарған жігітке кәсіпкерлер пәтер сыйлады

48 адамды өрттен құтқарып қалған Ержан Омархановқа кәсіпкерлер 4 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Еске салсақ, былтыр Семейден Ресейдің Новосібір қаласына бет алған автобус өртеніп, Ержан жолаушылардың аман-есен қалуына сеп болған еді. Сол кезде Ержанның 270 мың рублі өртеніп кеткен екен.  Ал Семей қаласы әкімдігі Ержанға 1 миллион теңге сыйақы берген болатын.

Жуықта Lancaster Group Kaxakhstan компаниясының акционерлері Берік Қаниев пен Юрий Пак қаһарман жігітке 4 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

"Ержанның ерлігі үлкен құрметке лайық. Бастысы ол қашан да жақсылықтың өтеуі болатынынан түсінсін. Адамдарға деген кіршіксіз көңіліне кірбің түспесін. Алдағы уақытта оның грек-рим күресінен жастарды тәрбиелеп жүрген үйірмесіне де қолдау көрсетсек деген жоспарымыз бар", – деді Берік Қаниев пен Юрий Пак.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу